KZ

Алматылық жүргізушілер жол полициясын таратуды ұсынды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматы жұрты жол полициясын таратуды ұсынады. 

Ал жол сақшыларына пара беріп шаршаған Алматылық жүргізушілер жол полициясын тарату керек дейді.

Кез келген қазақстандық жолда жүру ережесіне өзгерту енгізе алады деген Жол полиция комитетінің ұсынысына Алматылық жүргізушілердің жауабы осындай.

Сонымен қатар, олар айрықша нөмірлерге тиым салып, қымбат көлік иелерін тезге салуды ұсынуда.

Тасада тұрып тап беретін жол сақшыларын бейне бақылау камераларымен ауыстыру қажет. Алматылық жүргізушілердің басты талабы да, жауабы да осындай.

- Егер де түгел автоматизация, видео фиксация болса полицейдің қажеті шамалы.  

Алайда көлік иелерінің енді бірі жол сақшыларын қалайды. Олармен келісіп, жазасын жеңілдетуге болатынын да жасырмайды.

ЖҮРГІЗУШІ:

- Кейбір жерде сөйлесіп, келісіп кетуге болады. Ол да жақсы кейбіреуіне. Онсыз өмір болмайды ғой. Бәрі әппақ, таза емес қой.

Жүргізушілер қауымының бұл пікірімен жол сақшылары келіспейді. Керісінше көлік иелерінің өзі кінәлі, олар пара бермесе ешкім күштеп ақшасын тартып алмайды дейді. Соңғы үш жылдың көлемінде бірде бір жол полиция қызметкері пара алғаны үшін жазаланбапты.

МҰҚАН ДОСЫМБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІІД ЖПБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 16.03.2011 ЖЫЛ:

- 2010 Жылы биылғы 2011 жылдың басынан бері біздің бір қызметкер, пара алып ұсталған емес, мұндай факті емес. Жол полициясы тазартқанда параны өздерің ұсынбасаңдар, өздерің пара бермейсіңдер біздің қызметкерлер пара алмайды. Біздің инспекторлар қалталарыңа кіріп жатқан жоқ.

Жол полиция комитеті қолданыстағы жолда журу ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін көпшілік пікіріне құлақ асуды жөн деп тауыпты.

ЖАЗИРА ӨТЕПБЕРГЕНОВА, ҚР ІІМ ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Жаңа заң жобасын дайындап жатырмыз. Соған керек, елден әлі еш ұсыныс түспеген, бір апта ғана болды. Қәзіргі заң халыкаралық талаптарға сай, бірақ өзгерістер енгіземіз.

Жүргізушілер көшелерді аспалы жаяу жүргіншілер өткелі көбейіп, бағдаршам қызыл жанғанда өзге бағыттарға кедергі болмаса өтуге рұқсат беруді ұсынуда. Дегенмен көпшілік пікіріне негізделетін жаңа жоба өткен жылғыдай болмаса. Естеріңізде болса жол полиция комитеті жаяуларға жарыққайырғыш жапсырып, баланы көлікке креслосыз отырғызуға тиым салмақ болған еді.

Новости Казахстана
Алматылық жүргізушілер жол полициясын таратуды ұсынды
Mailfire view pixel