KZ

Тасмағамбетов Ақтөбе әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақтөбе әкімінің орынбасары болып Ғани Тасмағанбетов тағайындалды. 

Ақтөбе қаласының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың 2012 жылдың 6 ақпанындағы өкімімен қала әкімінің орынбасары болып 31 жастағы Ғани Тасмағанбетов тағайындалды. 

Ғани Тасмағанбетов 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, Шиншу (Нагано қаласы, Жапония), Хитотсубаши университеттерін (Токио қаласы, Жапония, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты) экономист, мемлекеттік саясаттың магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 2007 жылдан бастап ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық департаментінің рейтингілік ұйымдар және халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара әрекеттесу басқармасының бастығы, ҚР Парламент мәжілісі аппаратының комитет қызметін экономикалық реформа және аймақтық дамыту бойынша бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2009 жылдан бастап ҚР Президент Әкімшілігінің сарапшысы, кеңесшісі болып қызмет атқарған.

 Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Әкімшілігінің стратегиялық өңдеу және талдау орталығында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

 

 

Новости Казахстана
Тасмағамбетов Ақтөбе әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Mailfire view pixel