KZ

Дизайнер Алматыдағы жасыл-желекті жою қажет деген бастама көтерді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ағашты кесіп ауаны тазартуды ұсынуда. 

Ауаны тазарту үшін, ағаштарды кесу керек.

Алматылық азамат Нұрлан Төреханов жол жиегіндегі жасыл-желекті азайту арқылы экологияны жақсартуға болады деп айды аспанға шығарды.

Ол үшін көше бойындағы көшеттерді кесіп, тас жолдарды тағы екі метрге кеңейтуді ұсынады. Сонда қаладағы көлік кептелісі-де азаяр еді - дейді.

Егер кептеліс болмаса, ауаға тарайтын көк түтінде көп болмайды. Сондықтан дизайнер жасыл-желекті жою қажет деген бастама көтеріп отыр.

НҰРЛАН ТӨРЕХАНОВ - ДИЗАЙНЕР: 

- Қазір біз қаланың бір шетінен екінші басына жету үшін кем дегенде бір сағат уақыт жоғалтамыз. Егер тас жолдар кең болса, жарты сағатта діттеген жерімізге жетер едік. Тиісінше көлік қозғалтқышы да аз жұмыс істейді. Демек ауа да таза болады деген сөз. Сол үшін жол жиегіндегі, ағаштарды құрбан етуге тура келеді. Бірақ барлық ағашты кесіп тастау менің ойымда жоқ.

Алайда экологтар бұл ұсынысқа бірден қарсы шықты. Себебі жол жиегіндегі, ағаштар ауаны тазартып, ылғалды сақтайды. Бас эколог Мэлс Елеусізов теректер әсіресе көліктен шыққан көк түтінді бойына сіңіріп алады.

Осылайша ауадағы зиянды заттар көп қабатты тұрғын үйлерге тез таралмайтын көрінеді. Сондықтан, ағашты кесіп, ауаны тазартам деу бос сөз, - дейді ол.

МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ - "ТАБИҒАТ" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

- Бұл есі жоқ адамның сөзі. Көшені онсыз да кеңейтіп жатыр. Қаланы қыздырып жіберді. Былтырғы екі дауыл соның себебінен. Алматы қатты қызып кетті-де ондай дауыл пайда болды. Қаншама, ағаштарды қиратты. Бұрын көлеңке болатын. Қазір міне бәрін қушитып қырқып тастады.

Экологтардың дәл осылай өре-түрегелетінін Нұрлан да жақсы түсінген сыңайлы. Сондықтан ашқан жаңалығын айтып, шенеуніктерге баруға батылы жетпепті. Себебі бұл ойы жүзеге аспақ түгілі, жұртшылық тарапынан қолдау таппайтынын жақсы білемін деп жалтарды.

Читайте также
Дизайнер Алматыдағы жасыл-желекті жою қажет деген бастама көтерді
Mailfire view pixel