KZ
Еңбек министрлігі аймақтарға көшіп келетін еріктілерге субсидия бөлуді ұсынады

Еңбек министрлігі аймақтарға көшіп келетін еріктілерге субсидия бөлуді ұсынады

Расcказать Вконтакте

Жұмыспен қамту бағдарламасында аймақтарға көшіп келетін еріктілерге субсидия бөлуді қарастыратын өзгертулер енгізу ұсынылады. 

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіндегі алқа мәжілісінде ведомства басшысы Гүлшара Әбдiқалықова өз баяндамасында хабарлады.  

"Жаңаөзеннен сабақ ала отырып, әлеуметтік шиеленістікті ескерту және болдырмау үшін Жұмыспен қамту бағдарламасына бір қалада тұратын азаматтарға тиісті субсидия бере отырып Бағдарламаның үшінші бағытына өз еркімен қатысу мүмкіндігін қарастыратын өзгертулер енгізу ұсынылады", - деді ол.

Сонымен қатар парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстанда көші-қонды реттеу керектігін атап өтті. Айткүл Самақова осыған сәйкес бағдарлама дайындау туралы үкіметке өтініш жасады. 

 

"Ішкі мигранттардың басым бөлігі ауыл аймақатарынан көшіп жатқандар. Олардың көбісі қазақтар. Көшіп келіп олар үлкен қалалардың шеттері мен облыстық орталықтарға қоныстайды. Осының салдарынан көптеген мәселелер туындап жүр. Олардың арасында баспана мәселесі, санитарлық-гигиенталық мәселелер, мектеп, аурухана, бала бақшалардың жетіспеу мәселесі. Осының барлығы қоғамдық шиеленіс тудырады. Қалаларға ең алдымен еңбекке жарамды жастар бет бұрады. Ал ауыл аймақтары болса осындай көші-қонның салдарынан зардап шегеді. Бұндай жағдай мемлекеттің экономикасына және қоғамға үлкен зақым келтіруі мүмкін" - деді Айткүл Самақова. 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel