KZ
"Нұр Отан" жаңаөзендік шенеуніктерін партиядан шығармақ

"Нұр Отан" жаңаөзендік шенеуніктерін партиядан шығармақ

Расcказать Вконтакте

"Нұр Отан" партиясының жанынан құрылған коррупциямен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес коррупцияға қатысы бар деген күдікпен Жаңаөзен қаласында басшылық қызметте істейтін кейбір шенеуніктерді партиядан шығаруды ұсынды. 

Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.   

Партия жанындағы аталған қоғамдық кеңес төрағасы Оралбай Әбдікәрімов бүгін Ақтауда өткен партиялық комиссияның отырысында "Партия өз қатарынан жауапкершілікке тартылатындарды шығару керек" деген. Оның айтуынша, Жаңаөзен қаласының басшылық қызметінде отырғандар коррупциямен айналысқандықтан партияның қалалық филиалының беделі түсіп кеткен.

"Нұр Отанның" партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков коррупциямен айналысқандардың қатарында Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабахановтың, қазіргі әкім мен оның орынбасары Орақ Сарбөпеев пен оның орынбасарының және қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бастығының бар екенін айтты.

Қаңтардың 25-і күні бас прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзен қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері Бабаханов пен Сарбөпеевтің "Жарылқау" және "Жанашыр" қорлары арқылы қаланың әлеуметтік дамуына бөлінген қаржыны жымқырып келгенін мәлімдеген болатын

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel