KZ
Қылмыстық шабуыл кезінде екі бала кереуеттің астына тығылып аман қалған

Қылмыстық шабуыл кезінде екі бала кереуеттің астына тығылып аман қалған

Расcказать Вконтакте

Алматыда кәсіпкер әйелдің үйін тонаған қылмыстық топ құрықталды. 

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәлихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

Оның айтуынша, қаңтар айында болған осы қылмыс кезінде бет перде киген бейтаныс екі адам, алматылық кәсіпкер әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, екі кішкентай баланы бағып отырған үй жұмыскеріне пышақ жарақатын салған.

Осыдан кейін 600 мың теңгеден асатын алтын бұйымдарын және басқа да бағалы заттарды жымқырып кеткен. Абырой болғанда, үйде болған екі бала кереуеттің астына тығылып аман қалған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының және облыстың 19 және 22 жастағы екі тұрғыны құрықталды. Қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Н.Ораз.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel