KZ
Қазақтың тойы еуропалықтардың таңдайын қақтырды

Қазақтың тойы еуропалықтардың таңдайын қақтырды

Расcказать Вконтакте

Лондонда оқитын екі жас, үйлену тойын Стамбулда атап өтуді ұйғарыпты. 

Түркияның ең көрікті жерінде ұланасыр той жасаған жас жұбайларды Жансейіт Түймебаевтың өзі құттықтап батасын берді.

Лондонда оқып жүрген қазақ балаларының тойын түрік телеарналары жылдың үздік оқиғасына балап отыр.

Қазақстандық экс-шенеунік, қазіргі еуропалық бизнесменнің баласының тойы Түркияның ең үлкен салтанат сарайында өткен.

Түрік телеарналарының тілшілері жас жұбайлардың  есімі Ілияс пен Айкерім екенін айтады.

Айтуларынша Лондонда оқитын жастар сол жерде танысып, көңіл қосқан. Беташар той қазақтың салт-дәстүрі бойынша өткен. Ал шашуға тек тәтті қана емес, алтын құймалар төгіліпті.

Жас жұбайларды Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев құттықтады. Ал жас келіннің бетін әнші Нұрлан Албан ашқан. Тойда тек шет елдік әншілер өнер көрсеткен.

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel