KZ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жаңа тағайындаулар болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жаңа тағайындаулар болды

Расcказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жаңа тағайындаулар болды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің бұйрығымен Нұрбек Әуезханұлы Есмағанбет өз өтініші бойынша ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі және облыстық орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы қызметтерінен босатылып, Алматы қалалық Орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

Сондай-ақ Амантай Әбілдаұлы Сәдиев Атырау қалалық "Құспан молла" мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы және облыстық "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.

 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel