KZ
"Араб көктемінен" кейін Еуропаға 58000 босқын өтіп кетті

"Араб көктемінен" кейін Еуропаға 58000 босқын өтіп кетті

Расcказать Вконтакте

БҰҰ-ның босқындар ісі агенттігі 2011 жылы "араб көктемі" кезінде араб елдерінен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өту кезінде 1500-ден астам адамның қайтыс болғанын хабарлады. 

Ұйымның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары бұл сан агенттік босқындар жөніндегі есебін бастаған бес жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш дейді. Комиссар сонымен қатар 2011 жылы 58000 босқын Еуропаға кетіп қалғанын жеткізді. Бұл да бес жылы ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. 

2008 жылы араб елдерінен 54000 босқын Италия, Греция және Мальтаға ауып кеткен болатын. 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel