KZ
Талдықорғанда колледж оқушысы өз курстасын өлтірді

Талдықорғанда колледж оқушысы өз курстасын өлтірді

Расcказать Вконтакте

Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері өзінің курстасын өлтірген күдіктіні ізін суытпай ұстады. 

Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, таңғы 4-те Талдықорғанның қалалық ауруханасына пышақ жарақатын алған Ескелді ауданының 1993 жылғы тұрғыны түсті. Ол есін жимастан, қаза тапты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері өз курстасын өлтірген күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өлтіру оқиғасы қандай себептермен орын алғанын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ұсталған қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel