KZ
Алматыда ер адам тұрғын үйді жарып жібермек болды

Алматыда ер адам тұрғын үйді жарып жібермек болды

Расcказать Вконтакте

Бүгін Алматыда Жандосов көшесіндегі № 33-інші бес қабатты тұрғын үйді жарып жібермек болған қылмыскер ұсталды. 

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл жөніндегі хабар "102" қызметінің нөміріне таңертең, 11-ден 5 минут кеткенде белгісіз ер адамнан түсті.

"Қызмет операторына тұрғын үйге жарылғыш зат қойылды деген хабар түсісімен, жедел әрекет ету қызметі бірден аяғынан тұрғызылып, мамандар тексеруді бастады.

Бесқабатты үйдің екі кіреберісінен 25 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. ТЖД мамандары, кинологтар мен саперлар тұрғын үйдің іші-сыртын жіті тінтіді. Барлық жұмыстарға бір сағат уақыт кетті.  Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған болып шықты.

Жедел жүргізілген тексеру барысында жалған хабарды бұған дейін алты рет істі болған 34 жастағы Б. есімді азамат бергендігі анықталды. Ол сол тұрғын үйдің маңында ұсталды.

"Жауап алу кезінде ол "102" телефонына үйге қарама-қарсы жолдың арғы жағындағы дүкеннен хабарлағандығын  айтып, өз кінәсін мойындады", - деді С. Әзірбек.

Оның айтуынша, қылмыскердің бұл үйді таңдауына азаматтық әйелімен ұрысуы себеп болған.  Ішімдікті ішу кезіндегі ұрыстан әйелі оны үйден қуып шыққан және араларындағы қарым-қатынасты үзген. 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel