KZ
Қарашығанақ жобасы бойынша арнайы компания құрылады
Новости Финансы

Қарашығанақ жобасы бойынша арнайы компания құрылады

Расказать Вконтакте

Биыл Қарашығанақ жобасы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, оның жер қойнауын пайдалану туралы жарғысын бекітуіміз қажет. 

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Утепов осылай айтты.

"Биыл шілденің 1-іне дейін Қарашығанақ жобасы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, оның жер қойнауын пайдалану туралы жарғысын бекіту қажет.

Осыдан кейін бұл компанияға жер қойнауын игеру бойынша тиісті міндеттемелер жүтелмек", - деп атап көрсетті Э.Утепов.

Естеріңізде болса, өткен жылы желтоқсанның 14-і күні Қазақстан Үкіметі мен Қарашығанақ жобасындағы мердігер компаниялар проблемалық мәселелерді реттеу бойынша келісімге қол қойды.

2009-2011 жылдары болған ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Қарашығанақ Консорциумы бұдан бұрынғы келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Қазақстанға 5 пайызын беруді, сондай-ақ нарықтық бағамен қосымша тағы 5 пайызды аталған жобаға қатысу үшін сатуды келісті. Осы арқылы Қарашығанақ жобасындағы еліміздің қатысуы үлесі 10 пайызға дейін жеткізілді. "Қазмұнайгаз" компаниясы 10 пайыздық үлеспен Қарашығанақ жобасына қатысушы ретінде тіркеледі.

Қарашығанақ кен орны - әлемдегі ең ірі мұнай-газ қорларының бірі. Ондағы сұйық көмірсутектердің көлемі 1,2 миллиард тонна, ал газ 1,35 триллион текше метрді құрайды. Қарашығанақ жобасында "Бритиш Газдың" үлесі - 32,5 пайыз, "Аджип ККО" - 32,5 пайыз, "Шеврон" - 20 пайыз, сондай-ақ "Лукойлдың" үлесі 15 пайызды құрап отыр.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии