KZ

Жол полициясын көлікпен қағып өлтірген адам жазасыз қалмақ

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Полиция қызметкерін қағып өлтірген адам сот залында босатылмақ, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Алматыда өткен жылдың соңында орын алған жан түршігерлік жол апатының арты осылайша өрбуі мүмкін.

5 желтоқсанда Солтүстік айналма жолында көлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды қарсы беттен жүйкіп келген БМВ көлігі қағып кеткен.

27 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында жан тәсілім етті.

Ал көлік иесі апат орнынан қашып кетпек болыпты.

Соған қарамастан бірінші сот отырысында-ақ адам өліміне себепкер болған жүргізуші рақымшылыққа ілігуі мүмкін.

Көліктер кептеліп, демі демігіп жататын Алматы апаттан да алдына қара салған емес. Бүгінде автокөлік апаты көре-көре көз үйреніп, көпшіліктің еті өліп кеткен құбылысы. Солтүстік айналма жолындағы түнгі түсіріліміндегі көріністер жан түршіктіреді бірақ.

Тас жолдың үсінде жан тәсілім еткен жәбірленуші жол полициясының инспекторы. Жол ережесін ескермей өрескел бұзған мына темір тұлпар. 24 жастағы тізгін ұстаған жігіт жолдың 5 жолағын қиғашынан қиып өтіп, қарсы беттегі инспекторды қаққан.

Соққының күшті болғаны соншалық алпамса денелі азамат 59 метрге ұшып кетіпті. Ал күдікті оқиға орнынан із суытпақ болған, құрықталды. Тіптен тежегішті баспаған жүргізушінің қылығына мамандар күдікпен қарайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Көптен бері жол полициясы саласында жұмыс істеп келе жатқан мамандар өздері өте аң-таң болды. Өйткенң оқиға болған жерді қарау барысында сол жол полициясы инспекторын әдейі қаққандығы мәлім болды.

Қара қылды қақ жаратын төрешілердің төрелігінен бұрын дегбірі қашқан опат болған Нұрлан Таңатаровтың әкесі. Құқық қорғау орындарында 25 жыл қызмет еткен ол, іс Қылмыстық Кодекстің 296 бабы бойынша қозғалды, яки күдікті рақымшылыққа ілігуі мүмкін дейді. Құзырлы орындарда бұл ақпарды жоққа шығармады.

Бейбітбай Таңатаров,  қаза болған Н. Таңатаровтың әкесі:     

-Ана жерде тормозда бермеген. 59 метрге лақтыру деген салмағы менің баламның 100 килограмдай енді масқара ғой. Ол айтады 120 кммен келдім дид. Ол жерде алпыс. Көрген куәгерлер кем дегенде 150-170-пен соғып өтті дид. Менің айыбым бұл әдейі жасалған нәрсе деп есептеймін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Кінәлі деп танылған адам өз кінәсінен бой тартуға мүмкіндігі бар. өйткені амнистиямен сот шығып кетуіне әбден мүмкін.

Ісі сотқа жіберілген 24 жасар Алматы қаласының тұрғыны апат кезінде ішімдік ішпеген, есірткі пайдаланбаған. Соңғы санаулы айдың өзінде 9 рет тәртіп бұзған күдікті жылдамдықты жаны сүйетінін ғана айтып ақталады.

Новости Казахстана
Жол полициясын көлікпен қағып өлтірген адам жазасыз қалмақ
Mailfire view pixel