KZ

Қазақстаннан 4 бала асырап алған америкалық ана жетімдер үйіне сыйлық алып бармақ

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

"Крисмас" мейрамы қарсаңында америкалық келіншек Қазақстанның Солтүстігіндегі жетімдер үйіне сыйлықтарын алып бармақ, деп жазады блоггер Askhat Yerkimbay. 

Төрт баласын Ақкөл қаласындағы жетімдер үйінен асырап алған Ненси Габбардқа қызының “қыста бәріміз тоңатынбыз” деген сөзі түрткі болған. 

“Ең бірінші 2003 жылы қазір 22 жастағы Вероника мен 20 жастағы Владимирді асырап алған. Келесі жылы олар Владимирдің ең жақын досы Майклды асырап алыпты. 2008 жылы қазір 14 жастағы Сашаны бауырларына басқан” дейді Кентуки қаласындағы жергілікті басылымның тілшісі Майк Рутледж.

Солтүстік өңірдің қысы қатты болатыны белгілі. Асырап алған қыздарының бірі жетімдер үйінде қыста суық болатынан айтқан екен. Бұдан кейін америкалық ана қайырымдылық қорын құрып, Еуропа мен Америкадағы жанашырлардың қолдан тоқыған жылы киімдерін жинапты. Сөйтіп, мереке қарсаңында бір баласын ертіп, Қазақстанға келе жатыр.

Қазақстанда да қайырымдылық шараларын ұйымдастыру кең етек жайса, жетімдер үйіндегі балаларда америкалықтарға емес, өз отандастарына деген мейірімдері көбірек болар ма еді…

 

Новости Казахстана
Қазақстаннан 4 бала асырап алған америкалық ана жетімдер үйіне сыйлық алып бармақ
Mailfire view pixel