KZ

Бүлікшіліктен кейін Жаңаөзеннен 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бүлікшіліктен кейін Жаңаөзеннен 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл туралы блогшыларға берген сұхбатында "Тазалық" МКК директорының орынбасары Әбубәкір Жалғасбаев мәлімдеді. 

"Біз 20 желтоқсаннан бастап жұмысқа кірістік. Бірқалыпты жұмыс істеп жатырмыз, полигонға жанып кеткен 19 техника: 1 автобус, 2 тіркеме мен 16 жеңіл автокөлік – шығарылды. Қазіргі уақытта өз күшімізбен барлық шаруаны тындырып жатырмыз. Жанған нысандардан қоқыстарын шығарудамыз", - деді Ә.Жалғасбаев. 

"Тазалық" МКК жетекшісінің ақпаратына сәйкес, 20 желтоқсанда 79 тонна қоқыс, 21 желтоқсанда – 76 тонна, 22 желтоқсанда – 69 тонна, 23 желтоқсанда – 94 тонна, 24 желтоқсанда – 83 тонна, 25 желтоқсанда – 85 тонна шығарылды. 

"837 адам кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Біздің жұмысымыз үзіліссіз, демалыс та жоқ. Демалатын болсақ, үлгермейтін түріміз бар", - деді Ә.Жалғасбаев.

 

 

Новости Казахстана
Бүлікшіліктен кейін Жаңаөзеннен 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Mailfire view pixel