KZ

Алматы әкімшілігі жаңажылдық корпоративті кештен бас тартпайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматы әкімшілігі жаңажылдық корпоративті кештен бас тартпайды. 

Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, өзін таныстырғысы келмей, есімінің Айнұр екенін ғана айтқан қызметкер: "Алматы қаласы әкімшілігінің ұжымы түгелдей жаңажылдық корпоративті кешті 28 желтоқсанда "Есік" мейрамханасында өткіземіз" деп, сауалымызға жауап қатты.

Естеріңізге салсақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің: "Мемлекеттік қызметкерлердің жаңажылдық кешті өткізбегені жөн. Өйткені Жаңаөзендегі оқиғаларға 40 күн толған жоқ.  Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің жаңажылдық корпоративті кешті өткізгені жөнсіз" дегені мәлім. 

Кейбір мемлекеттік органдар "Жаңа жылды тойламайтын болдық" деп жар салғанымен, еліміздегі  Алматы қалалық әкімшілігі сияқты жергілікті билік өкілдеріне агенттік төрағасының сөзі жетпеген секілді. 

 

 

Новости Казахстана
Алматы әкімшілігі жаңажылдық корпоративті кештен бас тартпайды
Mailfire view pixel