KZ

"Руханият" партиясының ішінен жік шықты

Расcказать Вконтакте

"Руханият"  партиясының ішінен жік шықты. Оның негізін  қалаған танымал қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова қазіргі  партия басшылығы жүргізіп отырған саясатқа өкпесі қара қазандай, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Себебі,  оның айтуынша, өзі үкілеп өсіріп   орнына қалдырған Серікжан Мәмбеталин сенімін ақтамапты. Бірқатар заңсыздықтарға жол берген. Көз алдындағы былықтарға  шыдай алмаған Жағанова ханым ізбасарының үстінен  Бас прокуратураға шағымданып та үлгеріпті.

Алтыншаш Жағанова арызында  Мәмбеталин Мәжіліс сайлауы алдындағы съезін  өрескел заңбұзушылықтармен  өткізді деп санайды. Сондықтан оны "заңсыз деп тану керек"  деп отыр.   Оның үстіне "Руханияттың" Орталық  сайлау комиссиясына  өткізген құжаттары да жалған көрінеді.

Алтыншаш Жағанова:

- Бүкіл құжаттар, мөр менің қолымда. Ол барады да,  сайлау комиссиясына  қағаздарды өткізеді. Жалған  мөр, жалған қағаздарды. Сөйтіп, ОСК  тіркеген. Оларға да айтқам. Ештеңе демегенсоң,  Бас прокуратураға  шағымдандым. Мынасъездері заңсыз ғой, тіптен!

Осылайша Жағанованың тосын мәлімдемесі сайлауалды  тартысты қыздыра түскендей. Осыдан соң Мәмбеталин басқаратын "Руханият"  партиясы  саяси додадан шығып қалуы да ғажап емес.

 

 

Новости Казахстана
"Руханият" партиясының ішінен жік шықты
Mailfire view pixel