KZ

Жұмыстан босатылған Жаңаөзен мұнайшылары ірі кәсіпорындарға орналастырылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Үкімет Маңғыстау облысында жұмыстан шығарылған мұнайшыларды Қазақстанның ірі кәсіпорындарына орналастырып, оларға бұрынғы жалақыларының 80-90 %-ын ұсынады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев. 

"900-ден астам еңбектен босатылған "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" жұмысшыларын жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру қазір өте маңызды. Біз бұл мәселені шеше бастадық. 

Біз келесі үлгі бойынша әрекет етеміз: жұмыстан шығарылған мұнайшыларға республиканың ірі кәсіпорындарына, көбінесе тау-кен және мұнай саласындағы кәсіпорындарға орналастыру ұсынылады.

Бұрынғы жалақыларының 80-90%-ы сақталады. Сонымен қатар оларға мұнай және газ шығару салаларымен шектес қызмет ұйымдарға орналастыру ұсынылады" - деді Шөкеев. 

 

 

Оның үстіне жұмысшылардың басқа аймақтарға көшуге қатысты шығындарды өтеу мен оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. 

 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев БАҚ өкілдеріне хабарлағандай, Жаңаөзен қаласы мәселелері бойынша үкіметтік комиссия мүшелерімен болған кеңестің нәтижесімен бұрын облыстың мұнай өндіретін кәсіпорындарынан жұмыстан босатылған қызметкерлерді еңбекке орналастыру таяу уақытта жүзеге асырылады.   

"Бұл жағдай Мемлекет басшысының үнемі бақылауында тұр. Кеше ол  кезінде "ӨзенМұнайГаз" және "Қаражанбас" кәсіпорындарынан босатылғандарды еңбекке орналастыруға айрықша назар аудару жөнінде тапсырма берді.  

Олардың саны бізге белгілі, қайда тұратыны да белгілі, тиісті тізім жасалды, қазір олармен жұмысты бастаймыз. Біріншіден, оларға елдің басқа кен өндіру кәсіпорындарынан еңбекке орналастырумен байланысты жиырмаға жуық ұсыныстар жасалады.

Біз олардың көшіп баруына, жайластырылуына және одан әрі жаңа ұжымдарға сіңісіп кетуіне көмектесетін боламыз. Бұл үшін Мемлекет басшысы барлық ірі кәсіпорындардың иелерін, облыс әкімдерін шақырады және тиісті тапсырмалар береді. Біз бұл жұмыстар 3 айға жуық уақыт алады деп топшылаймыз", - деді Ө.Шөкеев.

Новости Казахстана
Жұмыстан босатылған Жаңаөзен мұнайшылары ірі кәсіпорындарға орналастырылуы мүмкін
Mailfire view pixel