KZ

Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтату ұсынылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Еліміздің бірінші вице-премьері, Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шөкеев Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды ақтаулық "Лада" газеті. 

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облыстық әкімшілігінде өткен Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу комиссиясының үкіметтік отырысы барысында мәлім болды. 

Тергеудің алғашқы қорытындыларын жариялау барысында комиссия жетекшісі Өмірзақ Шөкеев былай деп мәлімдеді: 

- Мүмкін келесі жылдан бастап Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтату керек шығар? Сосын оралмандар дұрыс қоныстандырылмаған деп саналатын жерлерді қарап, қаржыны басқа жерлерге қоныстандыру бағдарламасына бағыттау керек

Оралмандар ең көп тұратын аймақтарды қарастырып, оларды басқа аймақтарға көшірудің амалдарын қарастыру керек. Осы бағдарламаны тоқтатып, оны басқа бағытқа бұруымыз қажет. Осыған қатысты жұмыс жасау керек. 

Жаңаөзенде мұндай мәселе бар ғой. Мүмкін осында тұратын оралмандардың арасында басқа аймақтарға көшкісі келетіндер бар шығар? - деді Өмірзақ Шөкеев. 

Шөкеев Маңғыстау облысынан оралмандарды "басқа аймақтарға көшіру" амалдарын тездету керек деп есептейді. 

 

Новости Казахстана
Жаңаөзенге оралмандарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтату ұсынылды
Mailfire view pixel