KZ

АҚШ сенаторы Ким Чен Ирдің өліміне қуанды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

АҚШ сенаторы, республикашыл Джон Маккейн Солтүстік Корея басшысының бақилық болғанына қуанып, "әлем Ким Чен Ирсіз жақсара түсті" деп мәлімдеді. 

Тағы бір республикашыл Мит Ромни бұл жағдайды Солтүстік Кореядағы басқару жүйесін өзгертуге тиімді пайдалануға болатындығын жеткізді.

"Мен "Қымбатты Ким Чен Ирдің" Муаммар Каддафи, Усама бен Ладен, Гитлер мен Сталиннің қатарына қосылып, тозаққа аттанғанына ризамын", - деді Джон Маккейн.

Сонымен қатар сенатор: "Енді Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның басын қосып,  қауіпсіздікті нығайтуға тарихи мүмкіндік туды. Олардың бірігуіне көмектесуіміз керек", - деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 17 желтоқсан күні Солтүстік Кореяның мемлекет басшысы Ким Чен Ир 69 жасында жүрек талмасы ұстап, дүниеден өтті. Жерлеу рәсімі желтоқсанның 26-сы күні болады. Оны ұйымдастыратын комиссия 232 адамнан құралған.

 

 

Новости Казахстана
АҚШ сенаторы Ким Чен Ирдің өліміне қуанды
Mailfire view pixel