KZ
Елімізде 25 мың теңгелік купюралар шығарылады
Новости Финансы

Елімізде 25 мың теңгелік купюралар шығарылады

Расказать Вконтакте

Мұндай болжамды пікірді Қазақстан Банкнот фабрикасының директоры Жомарт Қажымұратовтың аузынан естідік. 

Купюра номиналын есептеудің халықаралық ережесі бар. Талап бойынша, ең ірі ақша – орташа еңбекақы мөлшеріне тең болуы шарт. 

Елімізде қазіргі орташа еңбекақы мөлшері 50 мың теңгеден артқанын есепке алсақ, ережеге сай, келесі купюраның номиналы 25 мың теңге болуы тиіс.

"Алайда мұндай ереже бойынша есептеу міндетті емес. Мысалы, Америкадағы ақшаның ең үлкен номиналы – 100 доллар. Себебі купюра неғұрлым ірі болған сайын, оны соғұрлым жиі қолдан басып шығарады.

Сол себепті, Англияда ірі банкноттарды айналымға енгізуге тыйым салынды. Өйткені қылмыскерлер көбіне соларды пайдаланады. Халықаралық қаржы ұйымдарының тиісті кеңестері бар. Атап айтсақ, Интерпол банкноттардың дизайнын 5-7 жылда бір рет өзгертуге кеңес береді", - деді Қазақстан Банкнот фабрикасының директоры Жомарт Қажымұратов.

Төл теңгеміздің бірнеше қорғаныш деңгейі бар және сапасының да жоғары екенін әлем мойындап үлгерді.

"Тіпті Англия Ұлттық банкі бізден он мың теңгелік купюраның қорғаныш қасиеттері мен оның қалай қолданылып жүргені жайлы айтуымызды өтінген. Сондай-ақ көбіне полициядан сауалдар түсіп жатады", - деді Банкнот фабрикасының басшысы.

Оның айтуынша, жаңа үлгідегі банкнотты басып шығаруға 2 жыл уақыт жұмсалатын көрінеді. "Біз қорғаныштың ең жаңа, заманауи элементтерін пайдалануға тырысамыз. Тек биылдың өзінде естелік банкноттардың 3 түрін басып шығардық. Олар – Азиадаға арналған купюра, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған банкнот және еліміздің ОБСЕ-де төрағалық етуіне орайластырылған естелік банкноттар.

 

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии