KZ

Тараздағы лаңкестік оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларына пәтер беріледі

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Тараз қаласының билік өкілдері құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына Жаңа жылға қарсы пәтер береді. 

Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған салтанатты жиын кезінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Бұл шешім жуырда қабылданды. "Мен Тараз қаласының әкімі  Бекболат  Орынбековке бұл мәселені жеделдетіп шешіп, қаза тапқан полицейлер отбасыларына жәрдемдесу туралы тапсырма жүктедім", - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ облыс әкімі 12 қараша күні Таразда лаңкесті тұтқындауға атсалысқан полиция қызметкерлерін марапаттады.Үшінші дәрежелі "Айбын" орденіне күзет батальонының атты әскер полицейлері Данияр Құрманбаев және Мәлік Молдақасов, жол полициясы батальонының инспекторы Самат Алашев ие болды.

Сонымен қатар  "Ерлігі үшін" медалі шұғыл әрекет ету бөлек взводының полиция қызметкері Қанат Мырзалиевке табысталды.

Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының  қаза тапқан  ІІД 1-взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа Қазақстан Республикасының ең жоғарғы марапаты – "Халық Қаһарманы" орденін беру туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.

"Жамбыл облысының арнайы күзет қызметі  басқармасы қалалық шұғыл әрекет ету взводының полицейі, полиция аға сержанты Полат Аянқұлов пен сол взводтың жүргізуші полицейі, полиция аға сержанты Жақсыбек Байсейітов те марапатталады", - деді әкім.

 

 

Новости Казахстана
Тараздағы лаңкестік оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларына пәтер беріледі
Mailfire view pixel