KZ

Әкім Алматыны трамвайлар шаһарына айналдырмақ

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қала басшылығы Алматыны Еуропаның көне қалалары сияқты трамвайлар шаһарына айналдырмақ. 

Әзірге алып қаланың қоғамдық тасымалын 2000-нан астам автобустар атқарып жатыр. Оның 200 ғана экологияға заласыз газбен қозғалатын қытайлық көліктер, - дейді мамандар. 

Алматының ауасы ластанғалы – қала басшылығынан маза кетті. Шаһардың экологиясын тазартудың жаңа шешімдері жасалуда. Жолақты жолдарды кеңейтумен қатар, троллейбустар мен трамвайлар бағытын көбейтпек. Осы мақсатта "Алматэлектротранс" 200 троллебус сатып алмақ. 

ОЛЕГ ИВАНОВ, "АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ПАРКІ:

- Экологияға зиянсыз газбен қозғалатын 200 автобус қаламызда жүріп жатыр. Олар Қытайда өндірілгенімен, американдық және германиялық автокөлік өндіруші компаниялардың мотарларымен жабдықталған. Біз алдағы уақытта, бұлардың қатарын 200 троллейбуспен толықтырмақпыз. 

Алайда, бұл арман ғана. 200 троллейбус сатып алу үшін 300 миллион доллар керек.

Инвестор болуға ниет білдірген банк әзірге пайдамен зиянды есептеп жатқан көрінеді. Алматыда өндіріс ошақтары көп болмағанымен, батысы мен шығысын биік жоталар көлегейлеп жатыр. Сондықтан, жел соқпайтын қаланың ауасын тазарту қиын дейді эколоктар. 

"Қазгидромет" ортылығының хабарлауынша, 2011 жылдың қараша айында ауаның ластану деңгейi 7,8 бiрлiктi құраған. Бұл – 2010 жылдың осы уақытымен салыстырғанда ластану көрсеткiшiнiң 3,9 бiрлiкке төмендегенiн аңғартады.

Алайда, тұрғындарды қоғамдық көліктердің қою қара түтінінен құтқару – жақын арада орындала қоятын шарауа емес. Қаланың қақ ортасындағы трамвай бекеті жекеменшіктің иелігінде. Біз тек қана, Шаляпин көшесінің бойымен Сайн және Момышұлы көшелері аралығына троллейбустар жіберуге мүмкіндік алдық дейді, "Алматыэлектротранс" басшылығы. 

ОЛЕГ ИВАНОВ, "АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ПАРКІ:

-Қаламызды трамвайлармен қамтамасыз ету үшін, орталықтан үлкен трамвай бекеті керек. Байтұрсынұлы көшесінің бойындағы ескі трамвай бекеті жекеменшікке өтіп кеткен. Парктің иесі оны қаншаға бағалайтыны белгісіз. Алдағы уақытта келіссөз жүргіземіз. Әзірге Шаляпин көшесінің бойымен Сайн және Момышұлы арасында электр бағаналары орнатылып жатыр. Жақын арада 6 бағыттағы троллейбустар жүре бастайды.

Келешекте қалаға жағын 50 шақырым аумаққа түгелдей трамвай жіберілмек. Ауаны тазартпақ болған, ақылман басшылықтың қарамағындағы экологияға зиянсыз 26 троллейбустың жарамдылық мерзімі 4 жыл бұрын аяқтаған. Таза ауаның тылсымын білетін экологтар болса, оған қол жеткізу үшін өркениетті елдердегідей мәдениет қажет дейді,- қазақстандықтарға. 

Бүгінде шаһармызда жүрген трамвай 63, троллейбустар 427 шақырым аумаққа жолаушы тасымалдайды. Алып шаһар Алматы үшін бұл бір аттам жердей болып қала бермек. 

Новости Казахстана
Әкім Алматыны трамвайлар шаһарына айналдырмақ
Mailfire view pixel