KZ

Қаскелеңде бірнеше "Иегова куәгерлері" сарайы бой көтерді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

"Сектаның сесінен сақта!" Алматы облысындағы Қаскелең қаласының тұрғындары қалада күн санап, сарайлары көбейіп келе жатқан "Иегова куәгерлерінен" қауіптеніп отыр. 

Тұрғындарды, бір көшенін бойында бір емес, бірнеше патшалық сарайдың сауық құруы алаңдатады.

Алайда, "отан" деген пікірге пысқырмайтын, мемлекеттік рәміздерді мойындамайтын, орналасқан орнында маңайындағы жұртты Иса мәсіхке табынуға үгіттеп, жайпап келе жатқандармен күресуге, жергілікті билік дәрменсіз отыр.

Бұл кісі - Қарасай ауданының белсендісі - қатардағы қарапайым тұрғын - Айна Қасабаева.

"Иса мәсіх тірілді!" деп жаһанға жар салғандардын жат қылығына жалғыз өзі күрес жариялапты. Айтуынша, басқа амалы қалмаған.

Мамандығы - журналист болғанымен, шындық айтқаны, әлдекімдерге жақпай, жұмыссыз қалыпты. Бірақ "қызымды құдайсыздардан құтқар" деп келген қаскелеңдік ананың ащы мұңы, "Иегова куәгерлері" құлшылық ететін сарайларды санап шығуға итермелеген.

АЙНА ҚАСАБАЕВА, ҚАРАСУ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

- Қаскелең қаласында 4-5 бак екенін айтты. Қызы жайында айтты. "Отан" деген ұғымды алып тастаған.

"Оларда Отан жоқ! Бірақ құдайларын дәріптеуге келгенде, кез-келген кедергімен күресуге әзір, қанды қақтығысқа баруға да кет әрі емес. "Армагеддонды" айтып, ауыл үйді аралап, үркітіп жүр" дейді Айна апай. Мысықтілеулілер мемлекеттік рәміздерді де мойындамайды. "Исаны - құдай" - деп танитындар, ішімдікті - тәңірлерінің қанына теңегенімен, науқас өлімші хәлде жатса да, қан құюға қарсы. Өйткені, діндеріне жат.

АННА ИВАНОВНА, "ИЕГОВА КУАГЕРЛЕРІ" ПАТШАЛЫҚ САРАЙЫНЫҢ ҚАРАУЫЛЫ:

- Сізге кімнің қаны құйылып жатқанын білмейсіз ғой.

- Сонда адам өле беруі керек пе?

- Иә.

Ауыл үйдің арасына сарай салып, жергілікті жұрттың санасын улап жатқандардың тірлігінен, әсіресе көршілері қорқып отыр.

МҰРАТ, ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Басқа жақтарда да бар. Көп адам келіп жатады.

Дін туралы жаңа заң бойынша, қайта тіркеуден өтуге тиіс ұйымның жұмысын жаңа зан да токтатпаган. Ойткені, каражат салатын темір коржын қаңсып қалмауы керек. Бұл ұйымға өткендердің қаражатын салатын қораптың да көлемі қомақты. Қайырымдылық қаражат үш мақсатқа жиналады. Бірінде-халықаралық істерге деп көрсетілген.

ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

- Мұнда қазақ қауымы үшін екі мәрте жиын өтеді.

Иегова куәгерлері қоныстанған басқа нысандардың сырты патшалыққа ұқсамайды. Ал, бұл мәселеге қатысты жергілікті билік өкілдерінің пікірін білу оңай болмады. Аудан атқамінерлерінің барлығы дерлік тәуелсіздік тойына арналған төс белгілерін тағуға кетіпті. Аудандағы идеологиялық ахуалға жауапты кісі болса, әкімдік ғимаратының іргесінде орналасқан сарайлардан хабарсыз.

ЕДІЛ ҚАЛИЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Көреміз енді.

Новости Казахстана
Қаскелеңде бірнеше "Иегова куәгерлері" сарайы бой көтерді
Mailfire view pixel