KZ

Сәбилі болған әйелдің күйзелісіне ерлерді кінәлады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бала босанған әйелдердің 40%-ының депрессиясына күйеуі кінәлі. 

Бұған АҚШ-тың Мердок балаларды зерттеу институтының дәрігерлері көз жеткізді.

Ханна Вулхауз бастаған ғалымдар тобы тұң­ғыш рет бала көтерген 1300-ден астам ананы тек­серуден өткізді.

Бұл әйелдердің 16%-ы бала бо­сан­ғаннан кейінгі 12 ай ішінде күйзеліске ұшы­ра­ған.

Зерттеу барысында депрессия белгісі анықталған келіншек­тердің 40%-ын күйеулері ренжітетіні анық болды.

Эмоционалды немесе дене соққысын алған әйел­дер­дің ахуалы мұндай­ды көрмеген өзге аналарға қара­ғанда үш есе нашарлайды екен.

 

 

Новости Казахстана
Сәбилі болған әйелдің күйзелісіне ерлерді кінәлады
Mailfire view pixel