KZ

Көңілдесі көп адамдар орган доноры бола алмайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Америкада орган донорларына қатысты жаңа талап бекітіл­ді. 

Бұдан былай көңілдесі көп адамдар донор бола ал­мауы мүмкін.

ABC News-тің хабарлауын­ша, Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталық маман­дары бір жыл ішінде бір­неше адаммен төсектес болған­дарды орган доноры қатарына алмау­ды ұсынып отыр.

Өйткені олар­дың ВИЧ, В және С гепатит­тері мен басқа да жұқпалы аурулар­ды тарату ықтималдығы жоғары. Бірақ мұндай талап трансплан­тологтерге ұнамай жатыр.

Се­бебі қазір Америкада 112 мың адам жаңа органға мұқтаж. Ал әлгі талап донор­лардың қатарын тым азайтып жібермекші. "Бұған қоса, ор­ган­дардың инфекция тасымал­дауы сирек жағдай" дейді мамандар.

 

 

Новости Казахстана
Көңілдесі көп адамдар орган доноры бола алмайды
Mailfire view pixel