KZ

Экстремизммен психологтар арқылы күресу ұсынылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Психологтар мен құзырлы органдар күш біріктіргенде ғана террорға тосқауыл қоюға болады. 

Бүгін "экстремизм дегеніміз не?" деген сауалға жауап іздегендер, полиция терроризмның себебімен емес салдарымен күреседі.

Қатерлі ошақты анықтап, ауыздықтамай күрес нәтижелі болмайды дейді сарапшылар. 

Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман өтті.

Етек-жеңді жинақтап, доспен дұшпанды, аңызбен ақиқатты ажырататын кез жетті.

Бір үстел басына жиналған мамандар "террактың" салдарымен емес, себебін айқындау керек деген ұстанымда. 

ЖАРАС СЕЙІТНҰР, "ТЕМІРҚАЗЫҚ" , ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

- Біз дайын болған жоқпыз. Тіпті құқық қорғау органдары да дайын емес екендіктерін көрсетіп жатыр. Біз үшін бұл тосын жағдай.

Террористерді тікелей исламмен байланыстыру адасушылық дейді аға буын. Дін өлімге, қорлыққа қарсы дегендер проблема тереңде. Сондықтан экстремизмен күреске психологтарды да жұмылдыру қажет деп есептейді. 

ЖАРАС СЕЙІТНҰР, "ТЕМІРҚАЗЫҚ" , ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

- Бұған тек күштік құрылымдар ғана емес психолог мамандар да жұмылдырылу керек. Ең алдымен диагноз қою керек. Әлеуметтік базасын іздеу қажет. Террорист адам өлімнен қорықпайды. Ол өзін құрбан етіп, жұмаққа барамын деп те ойлауы мүмкін. 

Жиналғандар бұл дерттің алдын алудың үш бағытын ұсынды. Қоғамға терроризмнің табиғатын түсіндіру керек, екіншіден: лаңкестікке бейім адамдардың психологиялық портретін анықтап мемлекеттік ұйымдар терроризммен күрестің әдісін өзгерту керек дейді. 

ЖАНДІЛДӘ ЖАҚЫПОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Лаңкестікке қарсы күресте мемлекетпен, қарапайым азаматтармен бірігіп қана бұл дертті жеңе аламыз. Біріншіден, қоғаммен, әлеуметтік жағдайы нашар адамдармен, ауылдық жерлердегі азаматтармен жұмыс істеуіміз керек. 

Бұл бағытта біз көрші елдердің тәжірибесін ескергеніміз дұрыс. Мәселен, ресейде ғалымдар қауымдастығы ұлттық қауіпсіздікке қайшы әрекеттерді зерттеп, зерделеп, заң шығарушы органдардың әрекетіне әсер ете алады. Бізге де керісінше. Парламентке де, құзырлы органдарға да жақындау мұң.

Новости Казахстана
Экстремизммен психологтар арқылы күресу ұсынылды
Mailfire view pixel