KZ

Атырау облысында тұрғындар браконьерлерді қорғауда

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Атырау облысындағы бір ауылдың қырық тұрғыны браконьерлерді қорғау үшін жекпе-жекке шығуға да дайын екендіктерін білдірді. 

Ашынған халық, Оралда рейд жүргізіп жүрген балық шаруашылығы испекторларына қоқан-лоқы көрсеткен.

Соңынан белгілі болғандай, дау - испектордың екі заңсыз балық аулаушыны ұстап, олардың суға салып қойған ауларын жағаға шығарып салған соң туындаған.

Мұндай әрекеттері үшін жақын маңдағы ауыл тұрғындары инспекторларды ұрып-соғуға дейін барған. Дәл сол кезде, балық шаруашылығы қызметкерлері тәртіп сақшыларын шақыртып үлгерген.

Оқиға орнына жедел жеткен құзырлы орган, жұдырық алып жүгіргендердің екеуін ұстаған. Әзірге қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе қаралып жатыр. Абырой болғанда инспекторлар қатты соққы алмаған.

АЛЕКСАНДР КИМ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ІІБ ТЕРГЕУШІСІ:

- 1975 жылы туылған Асқар Саменов деген азаматтан келіп түскен арыз бойынша сараптама жүріп жатыр. Ол арызда өзін ұрып соқты деп жазған еді. Сараптама аяқталған соң, қылмыстық іс қозғалатыны немесе қозғалмайтыны туралы шешім қабылданады.

 

Новости Казахстана
Атырау облысында тұрғындар браконьерлерді қорғауда
Mailfire view pixel