KZ

Жаңа жылдан бастап фильмдер қазақша көрсетіледі

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жаңа жылдан бойына жан бітетін заң талабы "елдегі кинотеатрлар қойылымның бәрін тек мемлекеттік тілде көрсетсін" деп, Украинадағы секілді біржақты міндеттемейді. 

Дегенмен, кинотеатр қожайындары мен кино саласының мамандары осындай жұмсақ талаптың өзіне дайындығымыз шамалы болып тұр дейді.

"Оның себебі мамандардың жетіспеушілігінде, берілген уақыттың аздығы.

Фильмді алып келгеннен соң оны аудару керек, рұқсат куәлігін алу қажет.

Мұның бәрі уақытты алады. Бірақ, бұл қиындықтар іс барысында біртіндеп шешімін табады деп ойлаймын" дейді ҚКО төрағасының орынбасары Игорь Вовнянко.

Ал, кинопрокатпен айналысатын шетелдік компанияның өкілдері шетелдіктердің Қазақстан нарығына алаңдамайтындығын айтты.

"Заң талабы бізді тығырыққа тіреп отыр. Себебі, Қазақстан кино нарығы бізге соншалықты көп табыс бермейді" дейді 20th CENTRY FOX және UNIVERSAL студияларының Қазақстандағы өкілі Салтанат Жекебаева.

Ол: "Дубляж жасауға бізде қаржы қарастырылмаған. Табыс бізге тек осындағы студиядан түседі. Қазақ тіліне фильмдерді дубляж жасауға күш пен қаржы керек.

Бізде оған ақша жоқ, Оның үстіне Қазақстан кино нарығы голливудтық алып студияларға соншалықты тартымды, қызықты емес, себебі біз олардың жалпы табыстарының тамшыдай бөлігін ғана береміз. Ал, дубляж жасауға табысымыздан ондаған есе артық шығын кетеді" - деп, кинопрокат бизнесіндегі түйткілдерді айтып берді.

 

Новости Казахстана
Жаңа жылдан бастап фильмдер қазақша көрсетіледі
Mailfire view pixel