KZ
Жамбыл облысында шошқа өсіретін ірі кешен ашылады

Жамбыл облысында шошқа өсіретін ірі кешен ашылады

Расcказать Вконтакте

Жамбыл облысында шошқа өсіретін ірі кешен ашылады. 

Жоба ҮИИД бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақшы.

Бұл жөнінде "Bnews.kz" тілшісіне облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады.

"Тұрар Рысқұлов ауданында "Луговой жылқы зауыты" ЖШС-нің 30 мың басқа арналған кешені ашылады. Қазіргі уақытта 3,4 млрд теңгені құраған құрылыс жұмыстары аяқталып қалды.

Онда 150 жұмыс орыны құрылды. Жобаның қуаты жылына 1,25 млрд теңгенің өнімін, яғни 2,5 мың тонна ет өндіруге жетеді.

Жобаның толық қуатта жұмыс істеуі келесі жылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда", - деді басқармада.

Басқарманың мәліметінше, жұмыскерлердің еңбегін жеңілдету мақсатында құрылыс кешеніне жаңа технологиялар енгізіліп жатқан көрінеді.

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel