KZ
Қаскелеңдегі оралманды өлтірген адам анықталды

Қаскелеңдегі оралманды өлтірген адам анықталды

Расcказать Вконтакте

Бұнда 68 жастағы оралманды өлтірген қылмыскер марқұмның көршісі боп шықты. 

Қамауға алынған күдікті: "кәсіпкерді өлтіру ойымда болмады, қарияны талдырып, тек тонауды жоспарлағанмын" - деп отыр. Қазір полиция күдіктінің сыбайластары болған болмағанын анықтап жатыр. 

Қаратемір түтіні тыныштық таппай жүр. Жақында отағасынан айырылған отбасы полиция қылмыскерлерді бүркемелеп жүр дегеннен танбай отыр.

Бұл оқиғаға жаңғырығы облыстық департаментке жетіп, іске жоғары шенділер араласты. Содан кейін ғана Қаскелең полициясы тұяғын қимылдатып, кәсіпкерді өлтірген күдіктіні ұстады. Ақтар ақсақалды тонап, бақилық еткен өзінің көршісі көрінеді. Бұл полиция тұспалы. 

ТИМУР ҚАЛИЕВ, ҚАРАСАЙ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

- Марқұмның туыстарынан бұл ұлтараздықты ушықтыру үшін жасалған қылмыс деген мағынада шағым түсті. Бірақ, тергеу негізінде ол дәлел таппады. 

Қара жамылған отбасы мүшелері бүгін полиция алдына жиналып, қылмыскермен кездестіруді талап етті. Аптал азаматты жалғыз адамның өлтіруі мүмкін емес дейді. Олар Ақтар қартты жылдар бойы бопсалап келген қарақшылар тобы толық тұтқындалуы керек дейді. 

Оралмандар жергілікті халық бізге тітіркене қарайды деп күйінеді. Жергілікті тұрғындар ішімдікке салынып, тозып барады. Ал, кәсібін дөңгелетіп, бала-шағасын оқытып-тоқытып отырғандар көзге сүйел.

Пысықтығы үшін ағайынға жақпаған Қаратемір түтіні енді қайта Түркияға кетпек. Шетелден аза тұтып келген туыстары "атамекенде ағайын қолынан өлгенше жат жұртта аман жүрсін" деп отыр. 

Берекесі бұзылып, тыныштығы кеткен қандастарды Қарасай аудандық әкімшілігі сабырға шақыруда. Тәуелсіздіктің жиырма жылында санаулы қандастың қауіпсіздігіне жауап бере алмағандары шенділерге үлкен соққы болғалы тұр. Әкімдіктегілер ашуға салмай, ақылға жүгіну керек деп азар да безер.

ЕРБОЛАТ ОРАЗАЛИЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

- Негіз жоқ қой шулауға.

Сырттан келген қандастар амандығымыз үшін бірігейік деген шешімге кепті. Бүгін олар "Қаскелең оралмандары" деген ұйым құрды. 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel