KZ
Амантай қажы да сайлауға қатысып депутат болмақ

Амантай қажы да сайлауға қатысып депутат болмақ

Расcказать Вконтакте

"Халық Сөзі" газетінің тілшілері алдағы сайлауға қатысты атышулы "Аттан Қазақстан" қозғалысының төрағасы Амантай Қажыға хабарласып көрді. 

"Сайлауға түсуге ниетіңіз бар ма?" деген сұраққа ол былай деп жауап берді: 

Амантай Қажы АСЫЛБЕК, "Аттан Қазақстан" қозғалысының төрағасы:

– Алматыда 1700 зағип жан бар. Солардың 500-і полигонның құрбандары. Семей полигонының жабылғанына, "Аттан Қазақстан" бейбітшілік қозғалысының құрылғанына және Егемендігіміздің 20 жылдығына орай Амантай Қажының атқарған еңбегі орасан екендігін айтып, әнеукүні өткен жиналыста зағиптар мені Мәжіліске депутат болуға лайық деп тапты.

Үш рет Алмалы ауданында сайлауға түскен адаммын. "Семей-Невада" мен "Аттан Қазақстан" қозғалысының атынан түскенде ешкімнен кем дауыс жинаған жоқпын. Бірақ бірінші сайлауда Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, екіншісінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары, үшіншісінде облыс әкімінің орынбасары өтіп кетті. Бұған қарап мен сайлаудың әділетсіз өтіп жатқанын білдім.

Мен саясаттың емес, Алла жолындағы адаммын. Депутаттығына да қызығып тұрған жоқпын. Бірақ мен жеңсем, зағип жандар мен Қазақстанда иманды мемлекет құру үшін табысты жеңіс болар еді. "Аттан Қазақстанның" атынан сайлауға түссем, саясатқа кірген болам. Сондықтан зағиптар қоғамынан түспекке бекіндім.

Американың президенті Обама шақырғанда бармадым. Себебі, олар шақырып алып, трибунаға отырғызып қояды да өздері арақ ішіп отырады. Қазақы қалпағым мен аса қасиетті Меккенің шапаны және таяғыммен ол жерде отыра алмаймын. Түсіңдің бе?

Амантай Қажы сайланса, Мәжілістегі нағыз иманды, қазақы депутат мен болар едім. Бұл қазақ халқына жеңіс, жақсылық әкеледі. Депутат болсам тойлап, мақтанбаймын. 600 мың теңге айлығымның 500 мың теңгесін зағип жандарға беріп тұрам. Қалған 100 мың теңгесі маған жетеді. Кезінде президенттік сайлауға түскенімде бағдарламам өте күшті еді. Рәтбек Қажының өзі "қазақтан шыққан Пайғамбардың ізбасары" деп жүр. Бұл үлкен сөз, айналайын.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel