KZ
Футбол миды шайқалтады

Футбол миды шайқалтады

Расcказать Вконтакте

Допты баспен ұрғанды жақсы көретін әуесқой футбол­шылардың ми жарақа­тын алу қаупі жоғары. 

АҚШ-тың Аль­берт Эйнштейн атындағы меди­циналық колледжі мен Мон­тефиоре медицина орталы­ғының мамандары осындай пікірде.

Fox Sports-тің хабарлауынша, дә­рігерлер 38 әуесқой аяқдоп­шы­ның бас миын МРТ-сканерлеу­ден өткізген. Алынған түсірілімдер фут­болқұмарлардың бір жыл ішін­дегі ойынына қатысты мәлімет­тер­мен салыстырылды. Зерттеу нәти­жесінде, допты баспен жиі ұратын адамдардан ми жарақаты анық­талды.

Әрбір соққы сайын ми шайқалады екен. "Бір жыл ішінде допты 1000-1500 рет ұрған адам­дардың миы айтарлықтай за­қым­данғаны белгілі болды.

Мұн­дай соққыны тәулігіне бірнеше рет жасамау қажет. Бастың допқа ұры­луынан ми жасушалары деграда­цияға ұшырайды", – дейді зерттеу тобының жетекшісі Майкл Липтон. Дәрігердің айтуынша, футболды бас­пен ойнайтын адамдардың ми жарақатынан олардың есте сақтау, көру, зейін қою қабілеттері нашар­лайды.

 

 

Новости Казахстана
Mailfire view pixel