KZ
Мұхтар Шаханов "Руханияттың" "Рухани көсемі" деп атанды

Мұхтар Шаханов "Руханияттың" "Рухани көсемі" деп атанды

Расcказать Вконтакте

Бүгін "Руханият" партиясы Парламент Мәжілісінің сайлауына түсетін үміткерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Оған Мұхтар Шаханов бастаған жалпы саны 36 адам кіріп отыр. Ал ақынның өзі партияның "Рухани көсемі" деп жарияланды. 

Мәжілісте халық атынан сөйлеуге үміттілердің  дені  ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері, кино, театр және телеарна саласының белді өкілдері екен.

Партия жетекшілері бұл тізімнің кем дегенде 98 пайызы Төменгі палатаға өтетініне сенімді.

Сонымен қатар   кезектен тыс өкізіліп отырған сегізінші съезде 19 бөлімнен тұратын партияның сайлауалды бағдарламасы да таныстырылды.

Онда парламентті-президенттік басқару формасына өту, интеграциялық үрдістерді тоқтату, мемлекеттік тіл туралы заңды күшейту, шетелдегі қазақтарды Отанға әлде де көптеп тарту, ауылдардың жағдайын жасау сынды мәселелер көтерілген.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel