KZ
ШҚО жол полициясының бастық орынбасары ұрланған көлік мініп жалған нөмір пайдаланған

ШҚО жол полициясының бастық орынбасары ұрланған көлік мініп жалған нөмір пайдаланған

Расcказать Вконтакте

Жол полициясы басқармасында дау шықты. 

Шығыс Қазақстанда облыстық жол полициясы бастығының орынбасары Рафаэль Халиковқа байланысты шу шықты.

Соңғы кездері ішкі істер министрлігінің блогында шенді қызметкерге қатысты шағымдар көбейіп кетті.

Өскеменнің жол сақшылары өз басшысының оларды жемқорлыққа итермелейтіні жайында жазған.

Сонымен бірге, Рафаэль Халиков ұрланған ресейлік көлікті мінді деген, ақпарат та бар.

Ресейлік азамат Сергей Савчуг өзінің 2007 жылы ұрланған көлігін табу үшін Қазақстанның ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды.

Ол өтінішін ведомство басшысының ресми блогына жазған. Хатта Новосібірде ұрланған "Форд Мондеосын" Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы бастығының орынбасары Рафаэль Халиков мініп жүр деп жазылған.

Ал, Өскемендегі жол сақшылары ресейлік азаматтың бұл сөзін толық растап отыр. Басқарманың қызметкерлері басшысынан жасқанғандықтан сұхбатты жасырын түрде берді.

ШҚО ІІД ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: 

"Бұл көлікті 2008–2009 жылдары жол полициясының бастығы Рафаэль Халиков мінді. Ол ұрланған көлікке бірнеше жалған мемлекеттік нөмерлерді пайдаланып, жол ережесін өрескел бұзатын. Оны жылдамлықты өлшейтін құралдардың мәліметінен білуге болады. Егер тексеру жүргізілетін қызметкерлердің көбі көліктің басқарманың ауласында тұрғанын растайды…"

Ал, еліміздің ішкі істер министрлігі бұл жағдайға байланысты нақты түсініктеме берген жоқ. Ведомство әзірге ресми блогқа жазылған хабарлама бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ — ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

"Ішкі істер министрлігінің блогына ресейлік азамат машинасын жоғалтып, оны Шығыс Қазақстанда бір полицей мініп жүргені туралы, ақпарат келген. Қазір бұл оқиғаға қатысты жол полициясы қызметкерлері көлікті заңды, не заңсыз мініп отырғаны тексеріліп жатыр".

Ресейден ұрланған "Форд Мондео" қазір Өскемендегі айыппұл тұрағында тұр. Мөрмен бекітілген қағазда көлік мұнда 2011 жылдың 3 қазанына қойылды деп жазылған. Яғни, 2007 жылы ұрланған темір тұлпардың осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз.

Ал, облыстық жол полициясы бастығының орынбасары Рафаэль Халиковтың өзі бұл мәселеге байланысты тілшілермен тілдесуден бас тартты. Ал, ішкі істер министрлігінің ресми блогында полиция подполковнигіне қатысты тағы бір шағым түсті. Жол сақшылары өз басшысының оларды жемқорлыққа итермелейтіні жайында жазған.

"Жол полициясы басқармасының орынбасары Халиков барлық батальонды жемқорлыққа итермелейді. Инспекторлар әр күн сайын батальон командиріне 2 мың теңге беріп тұруы қажет. Сонымен бірге біздің патруьлдік көлікке тиесілі жанармай берілмейді.

Халиков жол полициясына жұмысқа алу үшін сержанттық құрамнан 5 000, ал офицерлік құрамнан 10 000, АҚШ долларын алады".

Өздерін таныстырмаған өскемендік жол сақшыларының айтуынша, қазір ұжымның 80 пайызға жуығы Халиковтың жұмыс істеуіне қарсы екен. Сондықтан полицейлер оның үстінен жан-жақты тексерілу жүргізілгенін қалап отыр. Бізге белгілі болғаны, әзірге бұл фактіге байланысты тек департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ғана тексеру жүргізіп жатыр".

Новости Казахстана
Mailfire view pixel