KZ

Америкалық "Бейбітшілік корпусының" еріктісі Қазақстанды қимай жүр

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Америкалық  "Бейбітшілік корпусы"  ұйымының еріктілері екі аптаның ішінде Қазақстанды тастап шығуы тиіс. 

Бұл туралы cенбіде мәлім болды.

Хабарды естіген Ақтөбедегі еріктілердің бірі Алекс Уайт та  еліне жинала бастады.

"Қазақстанды, білім берген оқушыларымды, туғанымдай болып кеткен ата-анамды қимаймын, амалсыз кетуге мәжбүрмін", – дейді ол.

Алекс Уайт – Ақтөбенің іргесіндегі Қы­зыл­­жар ауылында тұрып жатыр. Өзін Қы­зыл­­жардың америкалық қазағымын дейді.

Қа­­зақстанға келгеніне тура бір жыл­дан ас­қан. Қазақшаны еркін меңгергені сон­ша­лық, сөз арасында айлардың атауынан ша­тасып жатқан біздің қазақшамызды тү­зе­тіп отыр­ды.

Сөздік қоры "сәлем, қалың қа­лаймен" шектелмейді. Тіл төңірегіндегі пі­­­кірін де бүкпесіз, анық жеткізе алады. Орыс­ша 10 ғана сөз білемін дейді. "Қа­зақ­­тардың ана тілінде сөйлегеннен неге қор­ланатындарын әлі күнге түсінбеймін" деп қаракөздеріміз үшін бізді бір қы­зарт­ты. 

Алекстің негізгі мамандығы – ки­но­ре­жис­сер. Туып-өскен жері – Монтана штаты. Ел-жер көруді армандаған Алекстің Қа­зақ­станға сапары өткен жылы басталған. Екі ай бойы Алматының іргесіндегі Панфилов ау­данында қазақ тілі курстарын үйреніп, со­нан соң Қызылжарға келді. Содан бері Жа­рас пен Жанна Бекжановтардың от­ба­сында тұрып жатыр.

Қазақтың тілін ғана емес, салт-дәстүрін де сыйлайтын Алекс мау­сымда шаңырақ көтерді. Әрине, қа­зақ­тың салт-дәстүрін сақтай отырып. Жар-жар айтылып, келіннің беташары жасалған. Кү­йеу жігіттің есінде қалғаны – отқа май құю салты. 

Келіншегі Лоурен Честер де үйлену то­йының қазақы дәстүрмен өткеніне риза бо­лыпты. "Қазір ол Монтанада, ғаламтор ар­қылы байланысқа шығып тұрамыз", – дей­ді Алекс. Келесі сәрсенбіде жас жігіт ту­ған үйіне оралады.

Ресми сайттар ерік­ті­лер­дің қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін "Бей­бітшілік корпусы" аясында келген жас­тар елдеріне қайтарылатынын ха­бар­ла­ды. Алайда Алекс Уайт "АҚШ-та да қа­уіп­сіз емес, лаңкестік, басқа да тосын жайт­тарға біз үйренгенбіз.

Қазақстан мен үшін әлдеқайда қауіпсіз, бейбіт мемлекет", – дейді. Алекс Қызылжар орта мектебіндегі оқушыларымен соңғы сабағын өткізді. Оқушыларына үшбу хатын да әзірлеп қо­йыпты. Оның қазақ тілінде жазылған хаты қи­мастық сезімге толы.

Новости Казахстана
Америкалық "Бейбітшілік корпусының" еріктісі Қазақстанды қимай жүр
Mailfire view pixel