KZ

Ақтөбеде басшылар ауыл ұстаздарын жұмыссыз қалдырмаудың жолын ойлап тапты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақтөбеде білім саласының басшылары ауыл ұстаздарын жұмыссыз қалдырмаудың жолын ойлап тапты. 

Бұл мәселені шенеуніктер жетім балаларды ауылға орналастыру арқылы шешпек.

Аудандық білім бөлімінің басшылары осылайша ауылдардағы бала санын көбейтуге болады дейді.

Жұмыссыз қалмас үшін ұстаздар жетімдер үйінің балаларын бауырына басуы тиіс.

Балалар үйінің жеткіншектерін қамқорлыққа алған ұстаздар, оларды оқытқаны үшін айлық алып қана қоймай, өз үйлерінде тәрбиелегені үшін-де мемлекет тарапынан жәрдемақы алады.

ТАБАНӘЛІ ҚУАНЫШ — ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

"Мысалы елді-мекендерге балалар үйлерінен балдарды өздерінің қарамағына алып, тәрбиелеп, әрі қарай өмірге қосып жіберу тәжірбиесі бар. Бірақ бізге, қазақтарға әлі біздің менталитетімізге келмей тұр".

Десе-де, бұл мәселе енді білім министрлігінде қаралмақ. Бастама иелері тың ұсынстарын Астанаға жібереміз деп отыр.

 

 

Новости Казахстана
Ақтөбеде басшылар ауыл ұстаздарын жұмыссыз қалдырмаудың жолын ойлап тапты
Mailfire view pixel