KZ

Елімізде отбасындағы қарым-қатынас төмендеп бара жатыр

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Балаңызбен байланысыңыз қалай? Алматыда Тұңғыш президент қоры мұрындық болған жиында психологтар отбасындағы қарым-қатынас төмендепбара жатыр деп дабыл қақты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Балалардың құқығын қорғау мақсатында арнайы сенім телефоны қойылған болатын. Біраз уақыт жұмыс істеген күйзеліс орталықтары қазіргі балаларға қарапайым  "қарым-қатынас жетіспейді" дейді. Яғни жұмыс басты ата-ананың өз балаларын тәрбиелеуге уақыты жоқ.

150 нөмірін тергендердің көбі осындай шағым түсіреді екен. Оларға қол ұшын беру мақсатында Алматыдағы 50-ге жуық мемлекеттік емес ұйымның бүгінде 25-і арнайы меморандумға қол қойған. Балалар құқығын қорғау департаменті тек тұрмыстық мәселелерді ғана емес, қоғамдық орындарда әділетсіздікке тап болғандарға қорған болуды қолға аламыз дейді. 

Сәуле Бекетаева,  Алматы қаласы балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:

- 150  нөмірлі телефонға көбінесе осы телефонның қызметкерлері өздері шеше алмаған мәселелерді бізге жіберіп отырады. Біз комиссия құрып,   мектептерге барып тексеріп отырамыз.

 

Новости Казахстана
Елімізде отбасындағы қарым-қатынас төмендеп бара жатыр
Mailfire view pixel