KZ
Отандық компаниялар Кайдзен философиясын қолданбақ
Новости Финансы

Отандық компаниялар Кайдзен философиясын қолданбақ

Расказать Вконтакте

Қазақстандық компаниялар Кайдзен философиясына негізделген басқару менеджментін игеруде. 

Осыған орай бүгін Астанада осы философияның негізін қалаушы, "Кайдзен" институтының президенті Масааки Имаи арнайы дәріс өткізді.

Негізі, Кайдзен философиясы алғаш рет Жапонияның Toyota компаниясында Ұлы Отан соғысынан кейінгі жағдайды жақсарту мақсатында қолданылған болатын.

Осыдан бастап үздіксіз жетілдіруді көздейтін бұл тәжірибе бүкіл әлемге таралды.

Оның негізгі мақсаты -минималды ресурстардың арқасында максималды нәтиже шығару. Басты көрсеткіш - сапа. "Біз бір дәстүрлі нәрсеге үйреніп қалыппыз.

Ол - сапаны көтеру үшін міндетті түрде қыруар қаржы салу қажет деп ойлаймыз. Жоқ, онсыз да өнімнің сапасын арттыруға болады. Кайдзен философиясы осыны көздейді. Ол шығындарды азайта отырып, сапалық көрсеткіштерді барынша көтеруге үйретеді", - дейді М.Имаи.

Масааки Имаи бүгінде "Кайдзен" философиясына арналған үшінші еңбегін жазып жатыр. Оның айтуынша, бұл кітаптың маңызы зор. Өиткені онда ірі компаниялар жұмысындағы сәтсіздіктердің негізгі себебі ашылады.

 

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии