KZ

Ақмола облысында оқушы досын аяусыз соғып өлтірді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақмола облысында оныншы сыныптың оқушысы адам өлтірді. 

Ақмола облысының Есіл ауданына қарасты, Интернациональное ауылында болған ауыр қылмыс, әшкере болды.

24 жастағы жігітті аяусыз ұрып, артынан басынан кірпішпен соғып өлтірген, оныншы сыныптың оқушысы болып шықты.

Жасы он сегізге де толмаған жеткіншек, қазір өз кінәсін толық мойындады.

Ол бұл әрекетті қалай жүзеге асырғандығын жасырмай айтып отыр. Оның айтуынша, ол алдымен досына қонаққа барған. Біраздан соң, олардың қатарына тағы бір жігіт келіп қосылады. Үшеуі араққа сылқия тойып алып, артынан соңғы келген жігітпен оқушы, ауылды аралауға шыққан.

Осы арада, екеуінің әңгімесі жараспай қалып,  арты   жанжалға ұласқан. Дүрдараздықты оңаша жерде шешпек болған олар,  ауыл шетіндегі  қаңырап тұрған бос  үйге кіреді. Осы арада олар төбелесіп, ақыр соңында орта мектептің оныншы сынып оқушысы  24 жастағы жігітті  аяусыз соққыға жығып, соңында басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған. 

Новости Казахстана
Ақмола облысында оқушы досын аяусыз соғып өлтірді
Mailfire view pixel