KZ

Ресей әлемнің ең үлкен Құран кітабын жасамақшы

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ресей құрамындағы Татарстан - Ислам дінін қатаң ұстанатын ел. 

Содан болар, татарлар үшін Құран - ең қастерлі дүние.

Алдағы уақытта әлемдегі үлкен Құран кітабы да осы елде болмақ. Өйткені Итальяндық шеберлер Татарстан мұсылмандарына арнап жұмыр жер бетіндегі ең үлкен Құранды әзірледі.

Құдай қаласа, бейсенбі күні Татарстан басшылығына итальяндық шеберлер жасаған бірегей Құран салтанатты түрде табыс етілмек. Бұл - әлемдегі ең үлкен Құран болмақшы.

Оның көлемі 1,5-те 2 метр, 632 беттен тұрады, салмағы - 800 келі. Қасиетті кітап парақтары шотландық қағаздан жасалған, кітап мұқабасын әсемдеуге малахит, түрлі-түсті тастар, фионит, яшма, алтын мен күміс қолданылған. 

Екі метрлік Құран Қазандағы "Құл Шәріп" мешітінің бірінші қабатындағы холдың төрінен уақытша орын алған. 

2012 жылы маусым айында бірегей Құран Волга Булгариясы 922 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде ресми қабылдаған жер - ежелгі Болгар қаласына тұрақты орынға қойылады. 

Құран арнайы салынған Естелік белгіге орналастырылады.  

Новости Казахстана
Ресей әлемнің ең үлкен Құран кітабын жасамақшы
Mailfire view pixel