KZ

Күлімсіреу адамды жасартып көрсетеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жас көрінгіңіз келсе, көп күлімдеңіз! 

Берлиндегі Макс Планк институтының психологтері күлімсіреудің адамды жасартып көрсететінін анықтады.

WebMD сайтының мәліметінше, ғалымдар 154 еріктіні сынақтан өткізген. Олар жас-кәрісі бар, 171 адамның бейнесін тамашалаған. Барлығы 2052 түрлі фотосурет зерттеуге қатыстырылды.

Сынақ нәтижесінде адамның ешқандай эмоциясыз бейтарап кескіні оның жас шамасын дәл анықтауға мүм­кіндік беретіні дәлелденді.

Ал күлім­деген немесе ашуланған, басқа да көңіл күйдегі адамның жас шамасын тап басу қиынға соғады екен. Әсіресе зерттеуге қатысушылар суретте күлімсіреп тұрған адам­дардың жасын қате болжаған. Күлімдеген адамдар, орташа есеп­пен, екі-үш жылға жас көрініпті.

 

 

Новости Казахстана
Күлімсіреу адамды жасартып көрсетеді
Mailfire view pixel