KZ

Ресейде губернатор өз жұмыс орнын сантехникке босатып берді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сантехник пен губернатордың орынбасары қызмет алмастырды. 

Ресейдің Ульяновск облысында губернатордың орынбасары қарапайым сантехникке өзінің қызметінде бір күн болуға рұқсат етті. Билік өкілінің қызметін атқаруға сантехниктің өзі өтініш білдірген.

"Газета.ru" порталының хабар­лауынша, губернатордың орынба­сары Светлана Опенышеваның бло­гына бір сантехник былай деп жаз­ған: "Менің жалақым 6500-7000 рубль ғана, маған мемле­кетіміздің басқа қызметшілеріне қарағанда, ақша туралы, нан туралы көбірек ойлауға тура келеді.

Сондықтан сізден қызметіңіз бен еңбек­ақы­ңызды маған беруіңізді сұраймын".

Губернатордың орынбасары өтініш иесіне өз қызметінде бір күн болып көруге рұқсат берді.

Бұл күн ішінде сантехник төрт жиналыс өткізіп, элек­тронды поштаны тексеруі, губер­натор тапсырмаларын пы­сықтауы және тұрғындармен кездесуі керек.

"Жұмыс уақыты 07.30-да басталады, ал қашан бітетіні белгісіз. Сол күні мен сіздің жұмысыңызды істей тұрамын", – деген Опенышева өз жауабында.

 

Новости Казахстана
Ресейде губернатор өз жұмыс орнын сантехникке босатып берді
Mailfire view pixel