KZ
Қымыз құрамындағы заттың 1 граммы шетелде 4 мың доллар тұрады
Новости Финансы

Қымыз құрамындағы заттың 1 граммы шетелде 4 мың доллар тұрады

Расказать Вконтакте

Депутат "қымызтерапияны" қайта дамытуды ұсынды. 

Қазақстан қымыздың қадірін бағалай алмай отыр.

Сондықтан, жылқы сүтін өндіру мен сатуды арнайы заңмен бекітіп, осы саланы мемлекеттік-деңгейде дамыту қажет.

Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Үкімет басшысына осындай сауал жолдады.

Себебі, қымыз қып-қызыл табыстың көзі.

Оның құрамындағы лактаферин атты, ақуыздың 1 грамы шетелде 4 мың АҚШ доллары тұрады екен.

Дәл осы, ақуыз қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауға пайдаланылуда. Бұл аздай, көрші Ресейдің өзі бие сүтінің берер пайдасын әбден түсініп, тек қымызбен емдейтін елуге тарта шипажай ашып қойыпты. Ал, Кеңес үкіметі кезінде біздің елде болған осындай 15-ке тарта сауықтыру орны жабылып қалды. Сондықтан, депутат қымызтерапияны қайта жаңғыртсақ дейді.

АЛДАН СМАЙЫЛ — ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

"Германия, Ресей, Түркия қолға алған тиісті нәтижесін көре бастаған жұмыстан енді Қазақстанның шет қалуы ұят. Бұл біздің бардың қадірін білмейтінімізді, ұйымдастыра алмайтынымызды, тағам да ұлттық құндылық пен бедел екендігіне мән бермейтінімізді көрсетеді".

Алайда, қымызды қазақтан бұрын немістер, шұбатты еврейлер, қазыны италяндықтар меншіктеп алды. Қымыз өндіруде Ресейде сексеннен, ал Германияда елуден астам мамандандырылған кәсіпорын бар екен. Біздің елде олардың қатары саусақпен санарлық қана.

 

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии