KZ

Ақтөбеде 60 жолаушыға арналған автобусқа 100 өзбек гастарбайтеры сыйысты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақтөбеде аптасына 4-ші рет Өзбекстан азаматтары мінген автобус ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Батыс" көлік бақылау өңіраралық инспекциясына сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 6 қазан күні орын алды. Қалаға кіре берісте көлік инспекция қызметкерлері "Мерседес" автобусын тоқтатқан. 

Айта кетейік автобус Мәскеу - Сарыағаш бағытымен сапар шекті. Көліктің ішінде тиісті 60 жолаушының орнына 100 адам толтырылып сыйысқан. 

Инспекция бөлімінің бастығы Нұржан Ақаласовтың айтуынша осы аптаның ішінде бұл халықаралық маршрут бойынша тасымалдау ережелерін бұзған төртінші автобус. 

"Автобустың шамадан тыс тиелгені соншалық, оның дөңгелектері қорабының астына "тығылып", көрінбей қалды. Оған қоса "Мерседесте" қауіпсіздік жастықтары да қарастырылмаған. Ал жүргізушіде халықаралық тасымалдауға рұқсат беру құжаттары мен борттық жорнал болмаған. Инспекция қызметкерлері жүргізушіге қатысты әкімшілік бұзушылық хаттамасын толтырып, бұл іс қаржы полициясының тексеруіне жіберілді" - деп мәсілмдеді Ақаласов. 

 

Новости Казахстана
Ақтөбеде 60 жолаушыға арналған автобусқа 100 өзбек гастарбайтеры сыйысты
Mailfire view pixel