KZ

АҚШ күштерінің Ауғанстанға кіргеніне 10 жыл толды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

АҚШ қарулы күштерінің Ауғанстанға кіргеніне бүгін тура он жыл толды. 

Бұл операцияға 2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуыл түрткі болды.

Сол кезде Ауғанстанның басым бөлігін басқарып тұрған тәліптер АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылдарды ұйымдастырған "әл-Қаида" ұйымының көсемі Усама бин Ладенді америкалық заң орындарына беруден бас тартқан соң, АҚШ Ауғанстандағы Солтүстік альянс күштерімен бірлесіп арнайы операция бастап, көп ұзамай тәліптер билігін құлатқаны мәлім.

Алайда, өткен он жылдың ішінде елде бұрынғысынша тұрақсыз жағдай қалыптасып отыр. Тәліптер мен оларды қолдайтын топтар үнемі жасайтын террорлық шабуылдар салдарынан көптеген бейкүнә жандардың өмірі қиылды.

Қазіргі кезде оларға қарсы Ауғанстанда тұрған 140 мың адамдық шетелдік қарулы күштер күрес жүргізіп келеді. Бұлардың басым көпшілігі - АҚШ әскері.

Өткен он жылдың ішінде Ауғанстанда 2700-ге жуық шетелдік сарбаз қаза тапты, олардың жартысынан астамы - америкалық жауынгерлер. 

Новости Казахстана
АҚШ күштерінің Ауғанстанға кіргеніне 10 жыл толды
Mailfire view pixel