KZ

Қазақстан компартиясы халықаралық ұйымдарға шағым түсірмек

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алты айға қызметі тоқтатылған Қазақстан коммунистік партиясы сотқа қайта апелляциялық шағым түсірмек, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Естеріңізге салсақ, жақында Алматының ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен саяси ұйымның қызметі уақытшы шектеліп, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған-ды.

Оған партияның бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаровтың "Қоғамдық бірлестіктертуралы " Заңын өрескел бұзуы себеп болған. Алайда партия өкілдері мұнымен келіспейді.    

Алматының ауданаралық әкімшілік сотының бұндай шешім шығаруына компартияның ресми түрде тіркелмеген "Халықтық майдан" қозғалысына қосылуы себеп болған. Қазақстан коммунистік партиясының қызметі енді   алты айға шектеліп отыр. 

Компартия 2012 жылдың сәуіріне дейін қандай да бір насихат жұмыстарын жүргізу, газет шығару, партияның жеке шотындағы қаржыны пайдалану мүмкіндігінен айырылды. Бірақ партияның бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров соттың бұл шешімін  асығыстыққа теңейді.

Ғазиз Алдамжаров, ҚКП-ның бірінші хатшысы:

- Неге асығып отырғанын білмеймін. Тіпті қалай болғанда да  жабамын деген адам жабады. Асыққандарына қарағанда "бүгін, ертең сайлау болады" деп айтқалы жатыр ма?

Бүгін тілшілер қауымымен арнайы кездесу өткізген коммунистер әкімшілік сотқа қайта шағым түсіруге ниетті екендіктерін жеткізді. Дегенмен қарапайым көпшілік арасында бұндай партияның бар екенін білмейтіндер де жетерлік екен.

- Шынымды айтсам, саясатқа қызықпаймын. Сондықтан ондай партияның бар екенін білмейді екенмін. 

- Өзгеріс болуы керек, алға жылжу қажет деп ойлаймын.

Ал саясаттанушы Айдос Сарым ескіліктің елесін қуып жүретін бұл партиялардың тоқырауға ұшырауын "заңдылық" дейді.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Негізі,  Қазақстанда бұндай партияларды жабу керек. Және саяси бағасын беру керек. Оларға ескіліктің жетегінде жүрмей, социалистік бағытты таңдаулары тиіс еді. 

Өздерін "тосын сәтте саяси сахнадан қудаланып қалдық" деп есептейтін партия тіпті болмаса халықаралық ұйымдарға да шағым түсіруге әзір. Алды Ресей мен Қытайдан   қолдау сұрап, хат жолдап отыр.

Новости Казахстана
Қазақстан компартиясы халықаралық ұйымдарға шағым түсірмек
Mailfire view pixel