KZ

Халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы қазақстандық Мәскеуде ұсталды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы қазақстандық Мәскеуде қолға түсті. 

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Ресейдің Интерполь ұлттық орталық бюролары бірлесіп жедел іздестіру шараларын өткізу барысында халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы Талғат Ктапияновты ұстады. Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қаржы полиция органдары іздеу жариялаған болатын.

"Т. Ктапиянов бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласындағы ЖШС директорының сеніміне кіріп, оны алдап жалпы құны 120 млн. теңге болатын бөтеннің мүлкін талан-таражға салған. Қазіргі уақытта экстрадициялау материалдары дайындалуда",-деді ол.

 

 

 

 

Новости Казахстана
Халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы қазақстандық Мәскеуде ұсталды
Mailfire view pixel