KZ

Обама 2012 жылғы сайлауда жеңіске жетпейтіндігін өзі де мойындады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

АҚШ Президенті Барак Обама 2012 жылғы сайлауда жеңіліп қалу мүмкіндігін өзі де мойындады. 

РФ-пен Стратегиялық шабуылдық қару-жарақ шартын жасасқанына және нөмір бірінші лаңкес Усама Бен Ладеннің көзін құртқанына қарамастан, Барак Обаманың алдағы сайлаудағы жеңісіне америкалықтардың бар-жоғы 37%-ы ғана сенетін көрінеді, деп жазады "Коммерсантъ" газеті. 

Президенттің өз пікіріне сүйенсек, әлсіз сенімнің басты себебі, оның командасы экономикалық қиындықтарға тосқауыл бола алмады және уәде еткен реформаларын жүзеге асыра алмады. 

Басылымның хабарлағанындай, ABC телеарнасы мен Yahoo! порталына берген күзгі саяси маусымдағы тұңғыш сұхбатында АҚШ президенті экономиканы тұрақтандыру мәселесі жайында әңгімелейді деп күтілген болатын.

Алайда Барак Обаманың журналистермен әңгімесі алдағы 2012 жылғы президент сайлауы жайында өрбіді. Сұхбат оның "бір кезеңдік президент болуға дайынсыз ба?" деген сұраққа жауап беруімен қорытындыланды. 

"Қазір қалыптасқан экономикалық жағдайда бұдан артық нәрсеге сенім арту қиын. Халықтың мені бейбақ деп санайтындығына аса алаңдамаймын. Мен бүл пікірге үйреніп те кеттім", - деген Ақ үй басшысының сөздерін мысалға келтіреді "Ъ" басылымы.  

Новости Казахстана
Обама 2012 жылғы сайлауда жеңіске жетпейтіндігін өзі де мойындады
Mailfire view pixel