KZ

Палестиндіктер тобы АҚШ делегациясына аяқ киім лақтырды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сейсебі күні Иордан өзенінің сол жағалуындағы жерге келген АҚШ ресми делегациясының жолын бөгеген бір топ палестиндік оларға қарсы аяқ киім лақтырып, "Масқара!" деп айқайлады. 

Араб халықтарында аяқ киім лақтыру жеккөрушілікті білдіреді.

 

Жергілікті полиция наразы топты ығыстырып тастаған соң америкалық делегация сапарын жалғастырған.

 

Өткен айда Палестина басшылығы БҰҰ-на мүше болу ресми өтінішін тапсырған еді. Израиль мен АҚШ бұған келіспей отыр.

 

Вашингтон Палестинаға мемлекет құру мәселесін Израильмен келіссөздер арқылы шешуді ұсынып, АҚШ бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескерткен. 

Новости Казахстана
Палестиндіктер тобы АҚШ делегациясына аяқ киім лақтырды
Mailfire view pixel